"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Еңсепов Асылбек





Еңсепов Асылбек   1980 жылы 5- сәуірде Ақтөбе  қаласында дүниеге келген. Күйші, «Дәкко» деп аталатын жаңа жанрдың авторы әрі орындаушысы, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты(1998) , Құрманғазы атындағы халықаралық байқаудың лауреаты, «Алтын диск-2000» фестивалінің «шебер орындаушы» атағын алды, халықаралық эстрада және фольклор музыкасы «Ыстық көл-1998» байқауының лауреаты, «Гран-При» жүлдесінің иегері, Түркияда өткен халықаралық фестивальдің, Франциядағы Бүкілдүниежүзілік Бритон атындағы фестивальдің лауреаты. «Жаңа есімдер» атты Қазақстан мәдениет қорының степендиаты. Күйші Франция, Германия, Израиль, Түркияда, сондай-ақ ТМД елдерінің біразында жеке өнер сапарларында болып, қазақ күй өнерінің құдіретін танытты.