Нұғманов Манас 1947 жылы Ақтөбе облысы
Ойыл ауданында дүниеге
келді. Мүсінші,
суретші және зергер. Ою-өрнек салу шебері, ағаш, металл, әйнек материалдарынан
бұйымдар істейді. Ойыл мешітін қалпына келтіруге өнерімен елеулі үлес қосты. 1997
жылы Ойыл ауданында
дүниеден өтті.