"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Әліпбаев Тұрар


 Әліпбаев Тұрар
         1961 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылында туған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі. Профессор. 1982 жылы Ақтөбе музыка училищесін, 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, 1992 жылы аспирантурасын бітірген. 1987-1997 жылдары Арқалық қаласындағы Торғай облыстық музыка колледжінде, 1997-1998 жылдары Целиноград музыка колледжінде оқытушы, 1997-2010 жылдары Астана мемлекеттік филормониясы жанынан құрылған ұлт аспаптар оркестрінің бас консертместері болды. 1998 жылдан Қазақ ұлттық музыка академиясында еңбек етеді. Республикалық «Жігер » фестивалінің лауреаты, Құрманғазыға арналған республикалық конкурсының лауреаты, Ташкентте өткен Бүкілодақтық фестивальдің бірінші орын иегері. Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан күйтабағы шықты. АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Албания, Жапония, Түркия, Франция, Белгия, Ресей, Балтық жағалауы елдері, Молдавия мемлекеттерінде өнер көрсетті. «Күйдің ішкі сыры» зерттеу кітабы жарық көрген. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.