"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Жаманбаев Базарғали


Жаманбаев Базарғали
         1942 жылы 9 қаңтарда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында туған. Хормейстер, режиссер. Қазақстанның халық артисі. Профессор. 1966 жылы Ленинград консерваториясын бітірген. 1978-1979 жылдары София опера театрында (Болгария) тәжірибеден өтті. 1967 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында хормейстер, 1986-1994 жылдар театр директоры қызметін атқарды. 1967 жылдан Құрманғазы атындағы  Алматы консерваториясында ұстаздық етіп, кафедра меңгерушісі болды және Абай атындаға Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында дирижерлік  қызмет атқарады. Театрда 50-ден астам спектаклъ қоюға қатысқан.