"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

ЖАНАР АЙЖАНОВА


ЖАНАР АЙЖАНОВА
1968 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылында туған. Әнші. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Шалқар ауданының мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1991 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының музыка факультетін бітіргеннен кейін Сүйінбай атындағы  Алматы облыстық филармониясында, «Адырна» фольклорлық- этнографиялық ансамблінде, «Гүлдер» ансамблінде әнші болды. Қытай, Моңғолия, Иран және басқа елдерге өнер сапарлары әншіні көпке танытты. Ол шырқаған «Сәулем-ай», «Ана туралы аңыз», «Төлегеннің әні», «Керім-ау, айдай», т.б. халық әндері тыңдарманның жоғары бағасын алды.