"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Оразов Қали



Оразов Қали 1898 жылы Байғанин  ауданы  Теректі  ауылында  дүниеге  келді. Зергер. Әкесі Ораз Медетов асқан зергерлік өнерімен атағы шыққан. Бұйымдары «Көкжар» жәрмеңкесінде сатылған. Өнерді әкесінен, әкесінің інісі Қозыбайдан мирас еткен. Білезік, өңіржиек, түйме, сақина, сырға, тағы да басқа бұйымдар соғып, оларды алтынмен аптап, күміспен күптеген. Ол қалыпқа салу арқылы қысу-бедерлеу, оюластыру тәсілдерін пайдаланған. 1972 жылы қазанда Алматыда қолөнер шеберлерінің республикалық көрмесіне өзі қатысып, көрменің дипломанты атанды.