"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Шанов Өмірзақ


Шанов Өмірзақ
         1950 жылы 30 мамырда Ақтөбе қаласында туған. Суретші, мүсінші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 1972 жылы Алматыдағы Гоголь атындағы сурет училищесін, 1986 жылы Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірді. Жұмыстары: «Әйел мүсіні» (1986), «Капитель» (1984), «Айым» (1985), «Портрет» (1992), «Лиликар» (1992), «Автопортрет» (1988). Көптеген халықаралық және республикалық көрмелерге қатысты. Суретші туындыларының шығармашылық ауқымы кең әрі алуан түрлі. Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының бірінен алған кәсіби білімі, тума таланты және ішкі мәдениеті шебердің өнерін әрдайым көркемдік пен руханилықтың биігіне шығарды. Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсында «Астана-бейбітшілік пен келісім қаласы» тақырыбына арналған «Ең үздік мүсін және монументальды өнер туындысы» номинациясы бойынша бірнеше орын алды, сондай-ақ әйгілі қылқалам шебері Ә.Қастеевтің 110 жылдық меретойына арналған конкурста да қоладан жасалған «Садақшылар»  және «Бала» мүсіндері бірнеше орынға лайық деп табылды.