"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

АСЫЛХАНОВ ЖАЙЛАУБАЙ


АСЫЛХАНОВ ЖАЙЛАУБАЙ
1964 жылы 2 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылында туды. Күйші. 1987 жылы Ақтөбе музыка колледжін, 1997 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген. 1987-1992 жылдары Ақтөбе облыстық филармониясының домбырашысы, 1992-1995 жылдары филармонияның «Домбыра дастан» ансамблінің көркемдік жетекшісі болды. 1994 жылдан бері А.Жұбанов атындағы музыка колледжінде домбыра класынан сабақ береді. Репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Абыл, Естай, Сүгір, Құлшар, Есір тәрізді халық композиторлары мен қазіргі сазгерлердің 100-ден астам күйі бар. Ресей қалаларында, Францияда өнер көрсетті. Қашаған жырауға арналған республикалық өнер сайысының жеңімпазы.  «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері. ҚР «Мәдениет саласының үздігі».