Шоқаев Зәкария 1903 жылы Әйтеке би
ауданы Қарабұтақ ауылында
дүниеге келді. Домбырашы, жырау.
Халық арасында жыр, қиссаларды / «Орақ-Мамай», «Кеңесары – Наурызбай»,
«Сегіз-Мақпал», т.б./ шебер орындауымен атағы шыққан. 1936-42ж. және 1944-60ж. Қарабұтақ
ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы. 1942-4444ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Атадан мал қалғанша, тал
қалсын» дегендей, аудан орталығын көркейтуге атсалысып, келісті парк жасады.
Оны халық «Шоқаев сады» деп атайды. 1971
жылы Әйтеке би
ауданы Қарабұтақ ауылында
дүниеден өтті.