"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Райымбергенов Ысқақ


Райымбергенов Ысқақ 1929 жылы  Қарабұтақ  ауданында  Қосағаш  ауылында  дүниеге  келді. Күйші, сазгер, ұстаз, қол өнер шебері, өнер зерттеушісі. Ақтөбе педагогика училищесінде 40 жылға  жуық дәріс беріп, көптеген шәкірттер дайындады. Құрманғазы, Қазанғап, Мүсірәлі күйлерін шебер орындап, қалың елге тартумен бірге өзі де «Жастар биі», «Балдырған», жалпы саны 10 күй, «Егіншілер» атты ән шығарған. Ж.Айпақов, Ә.Өтеғұлов, Жырау, Жүсіп Сейілов сынды өнер  саңлақтарымен бірге туған  өлкеде өнерді көтеруге атсалысқан.  Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін жинап, дамытып, оған жас ұрпақты баулуға күш салған. Домбыра, қобыз сынды ұлт аспаптарын  акустикалық түрде зерттеп, өзі де көптеген аспаптар жасай білген. Өзі жасаған қобыз Алматы өнер зерттеушісі шеберлерінің жоғары бағасын алған, қазір облыстық мұражайда сақтаулы тұр. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «Лениншіл жас», облыстық «Коммунизм жолы» газеттерінде күй, айтыс өнері, қазақтың қол өнері мен саз аспаптары туралы ой толғап, көптеген мақалалар жазған. Өсімдіктер мен жан-жануарлардың қазақша атаулары жайлы қалдырған  мұрасы өз кезегін күтіп жатқан үлкен жұмыс. «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі». 1988 жылы Ақтөбе қаласында дүниеден  өтті.