"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Наурызов Байеділ Обайдоллаұлы


 Наурызов Байеділ Обайдоллаұлы 1948 жылы 24  наурызда Ақтөбе  облысы Шалқар  ауданы  Айшуақ  ауылында  дүниеге  келді. Театр артисі, «ҚР мәдениет қайраткері» (2000). Т.Жүргенов атындағы өнер және кино институтының актерлік факультетін бітірген (1970). 1970-1997жылы  Қазақтың М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрының артисі. Театр сахнасында көптеген спектакльдерде жетекші рөльдерде ойнады: «Ана-жер Анада» Жайнақ, «Қан мен терде» -Рай, «Жоғалған достар» - Маңғас, «Келіндер көтерілісінде» Мамыр, «Айман-Шолпанда» Көтібар батырдың Досын сомдады. 1989-1997 жылы  Академиялық театр директоры - көркемдік жетекшісінің орынбасары қызметін қосып атқарды. 1997жылы  Қазақстан театр қайраткерлері одағының вице-президенті, республикалық өнерді қолдау қорының бөлім бастығы.