"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Елшібаева Айгүл


Елшібаева Айгүл
          1977 жылы 2 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. Дәстүрлі әнші, термеші. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 1999 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын үздік бітіріп, 2001 жылы «Еліміздің батыс өңіріндегі халақ әндерінің табиғаты» жайлы ғылыми еңбек жазды. 1993 жылы Ақтөбе қаласында өткен облыстық термешілер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. 1997 жылы ЮНЕСКО шеңберінде Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына  арналып өткізілген үлкен шарада өнер көрсетті. Әнші ретінде Израиль, Чехия елдерінде өнер көрсетіп, Түркіменстан, Өзбекстанда өткен түркі халықтарының дәстүрлі фестиваліне қатысып, жүлде алған. 2000 жылы «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты атанды. Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы.