"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Додабаев Кенжебай


 Додабаев Кенжебай 1898 жылы қазіргі Әйтеке би (Қарабұтақ) ауданында туған. Әнші, жырау- домбырашы. 1930-1932 жылы ауылда ұжымдастыру шаруасына белсене араласып, «Кілемжайған» ұжымшар төрағасы болған. 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне Қаз. КСР-нің халық творчествосы өнерпазы болып қатысқан әнші. 1940-1950 жылы  Қарабұтақ аудандық мәдениет үйінде домбырашы, 1946 жылы Домбырашылар ансамблі республикалық байқауында бірінші орынға ие болған. Ол халық әндерін, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» қисса-жырларды жатқа айтқан халық жырауы. 1959  жылы Әйтеке би ауданында  дүниеден өтті.