"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Елеусіз Ардақ Тимурұлы


Елеусіз Ардақ  Тимурұлы
1993 жылы 7шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келді. 2000 жылы Ақтөбедегі Қазанғап атындағы  балалар музыка мектебіне оқуға түсіп, 2007 жылы аяқтады. Сол жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетінің арнайы мектебіне, яғни 7-ші сыныбына «домбыра» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2017-ші жылы (мектеп, колледж, бакалавр) сол университетті үздік дипломмен аяқтадым. Білім берген ұстазы Бақытұлы Еділ Басығараев. Қазіргі таңда Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы, Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртісі.
Жеткен жетістіктері:
-2008 жылы Республикалық «Астана-Мерей» байқауы  - Дипломант (Астана қ.)
-2010 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық байқауы -  2-ші орын (Павлодар қ.)
-2012жылы Кіші олимпиада Республикалық байқауы – 2-ші орын (Алматы қ.) -2014 жылы Қазанғап атындағы «Ақжелең» атты Республикалық байқауы – 1-ші орын (Орал қ.)
- 2016 жылы Мұрат Өскенбай атындағы республикалық күйшілер байқауы – «Өскінбай Қалманбетұлы атындағы АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ» (Ақтау қ.)
-2017 жылы Сағын Жалмышев атындағы бірінші Республикалық күйшілер байқауы – 3-ші орын (Қостанай қ.)
-2017 жылы ұлттық арна ұйымдастырған «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының Күй аталымы бойынша жеңімпазы.
-«Үздік күйші 2017» (Астана қ.)
-2017 жылы Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың «Мәдениет саласының үздік қызметкері» сертификатымен марапатталды.
Гастрольдік сапарда өнер көрсеткен мемлекеттері:
Ресей (Мәскеу), Түркия (Стамбул,Анкара), Австрия (Вена), Словения (Марибор), Сербия (Белград), Чехия (Прага), Англия (Лондон), Франция (Париж), Испания (Мадрид), Португалия (Порту)