Әбілов Ерқосай Қожбанұлы 1956 жылы 16 ақпанда
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында туған. Қолөнер шебері. 1975-1977
жылы әскер қатарында қызмет етті. 1979-1986 жылы Мәртөк ауданында мәдениет үйі
жанындағы суретшілер шеберханасының суретшісі. 1974 жылдан қолөнермен
айналысады. Алғашқы жұмысын шыбыртқы өруден бастаған. Бесік, сандық, қамшы,
домбыра жасауды игерген. Ол жасаған домбыра Атырау қаласында Өткен «Үкілі
домбыра» байқауына қатысты. 1994ж. Халық күйшісі Қазанғап Тілепбергенұлының 140
жылдық мерейтойына арналған облыстық мұражайдағы көрмеде белгілі музыка зерттеушілердің
назарын аударды. 1997 жылы Наурызда «Қайнар» деген атпен жеке көрмесі өтті.
1995-1996 жылдары қазақтың бес қаруын, бесік, сандық, домбыра жасауға, қамшы
өруге арналған шеберхана ашты. Емдік қасиеті бар домбыралардың үш нұсқасы жарық
көрді. «Шеберхана» атты кітапша бастырып шығарған. «Алла тағала құпиясы» атты
кітапшаға енген. Ол қобыз, домбыра, тағыда
басқа ұлттық бұйымдар жасаумен
қатар, саз аспаптарын жөңдейді. Оның домбыралары ҚР Президенті Н.Назарбаевқа,
Қазақ-түрік лицейінің директоры Жезмирге, Ақтөбе университетінің ректоры
(марқұм) Мұхтар Арынға, Сыр бойының жырауы Алмас Алматовқа сыйға тартылған.