"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

АЙТБАЕВА СВЕТЛАНА


АЙТБАЕВА СВЕТЛАНА
Айтбаева Светлана 1973 жылы 15 шілдеде Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында туған. Әнші, педагог. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 1992 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін,  1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің музыка факультетін бітірген. Әр жылдары «Жібек жолы» тобының әншісі, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы камералық хор артисі, қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің әншісі болды. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Ғ.Жұбанов атындағы  облыстық филармонияның «Саз» балалар студиясының көркемдік жетекшісі болып жұмыс жасап келеді.1999 жылы Ақтау қаласында өткен халықаралық «Жаhан дала» байқауында лауреат атағына ие болды, Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт-2003» шығармашылық жастар және студенттер фестиваліне қатысып, дипломант атанды. 2009 жылы «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясының «Славные сыны и дочери Казахстана» бөліміне енген. 2006 жылы мәдениет, өнер және өз ісі саласындағы жетістіктері үшін әрі халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлға ретінде Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолданудың мемлекеттік қорының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының лауреаты. Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаты.