"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Юсупова Гүлсім Жанғалиқызы


Юсупова Гүлсім Жанғалиқызы 1963  жылы 20  наурызда Шалқар  ауданында  дүниеге  келген. Эстрада әншісі, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық әншілер конкурсының лауреаты(1992), республикалық  «Шабыт» фестивалінің жүлдегері (1998).  1984ж. Ақтөбе мәдени - ағарту училищесінің ұлт аспаптар бөлімін бітірген. 1984-1997 жылдары облыстық филармонияда, арасында үш жыл (1985-1988) «Қазақконцерт» ұжымында әнші, 1988жылдан Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы эстрадалық үрмелі аспаптар оркестріне әнші болып ауысты. Репертуарында халық әндерімен бірге сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтың, Е.Терековтың, Б.Жұмалиннің 30-дан астам әндері бар.