ТӨЛЕКОВ БЕК
1926 жылы 17
тамызда Ақтөбе облысы Степной, қазіргі Қарғалы ауданында туған. Мүсінші.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.(1976). 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесінің
театр-декорация бөлімін, арада бірнеше жыл өткен соң жаңадан ашылған мүсін
бөлімін бітірді. Оның Алматыдағы Министрлер Кеңесі ауруханасының алдына
орнатылған «Ана» композициясы (1971) Қазақстандағы алғашқы қолданбалы-саябақтық
мүсін өнері болып табылады, сондай себептермен ол республикамыздағы қалалық саябақтық
мүсін өнері негізін салушылардың бірі болып есептеледі. Сондай-ақ
28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орнатылған генерал И.В.Панфиловтың,
Ресейдің Невель қаласындағы Мәншүк Мәметованың ескерткіштері мен мәрмәрдан
соғылған «Қыз портреті» деп аталатын мүсіндік туындысы да шебер қолтаңбаның
көріністері. Мамандар оның қылқаламдық «Симфониялық оркестрдің дирижері Фуат
Мансуров (1960), «Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері шопан Жазылбек Қуанышбаевтың
портреті» (1969) еңбектерін де жоғары бағалады. «Абай», «Абай мүсіні» еңбектері
Абайдың мемлекеттік қорық-музейі қорында сақтаулы тұр. Б.Төлеков қазақ ұлттық
қолданбалы өнер мектебіне 1960-жылдары қосылған қуатты топтың көрнекті
өкілдерінің бірі ретінде мәлім.