"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Жұбанов Ақырап

Жұбанов Ақырап
(1927-2007)
Жұбанов Ақырап Құдайбергенұлы 1927  жылы 7 қарашада  Ақтөбе  қаласында дүниеге  келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Суретшілер  академиясының академигі. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Алматы көркемсурет училищесін(1949), Ленинградттың В.И.Мухина  атындағы  жоғары  көркемсурет және өндіріс училищесін(1958) бітірген. 1958-1963 жылдары Қазақ КСР Ғылым  академиясының М.Әуезов  атындағы  Әдебиет және өнер  институтында  ғылыми қызметкер, реферант, Қазақ КСР жергілікті өнеркәсіп министірлігінің бас  суретшісі, 1963-1992  жылдары Алматы  көркемсурет училищесінің  директоры болды. Суретшінің көптеген  еңбектері  Бүкілодақтық, республикалық  көрмелерге  қойылған,  30-ға тарта мақаласы газет –журналдарда  жарияланған. Негізгі еңбектері: «И.Е.Репин-орыстың ұлы суретшісі»(1955) «Қ.Телжанов  шығармашылығы  туралы»(1960), «Жайлау  туралы ән», «С.Мәмбеев  шығармашылығы туралы»,(1960), Алматы геология мұражайы қойылымдары мен  безендіру  жұмыстарының  жобасы(1968), «К.Тыныбеков туралы естелік» (1983). Ол Қазақстанның«Атакент»іскерлік-ынтымақтастық орталығының  «Қазақстан» (1959),  «Жеңіл  өнеркәсіп» (1960), «Қазақстанның ауыр өнеркәсібі»(1966-1967)  павильондарын,  Алматыдағы  геология  мұражайының  (1968)  безендіру  жобасының  авторларының бірі. Екі медальмен, КСРО Жоғары және  арнаулы  орта білім  министірлігінің  белгісімен  марапатталған.