Оңғалиев Тәжіғали 1888 жылы Байғанин
ауданында дүниеге келді. Ұста,
ағаш шебері. Бұған жас кезінен әуестенген. Байғанин ауданының “Қызыл ту”
ұжымшарында ауыл шаруашылық құралдары тапшы кезінде, әсіресе, соғыс жылдарында
жер жыртатын сабан, шөп шалғысы, арба,
жегін құралдарын жасаған. Ол
зергерлік өнермен де айналысқан. Бұйым жасауға бедерлеу, өру, кіріктіру әдістерін
жиі пайдаланған. Күмістен
білезік, сақина, қапсырма ілгек тағы басқа бұйымдар өрнектеген. Екі
сақина жалғастырылған әшекейлі
күміс білезігі Алматыдағы Орталық
мемлекеттік мұражайда, бірқатар
заттары Ақтөбе облысы Тарихи-өлкетану
мұражайында сақтаулы. Байғанин ауданында Т.Оңғалиев атындағы жүлде үш жыл сайын зергерлік көрме
ұйымдастырылады. 1947 жылы Байғанин ауданында дүниеден өтті.