"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Шүйіншалин Мағзым


Шүйіншалин Мағзым  1937  жылы  Әйтеке  би ауданы  Тасөткел  ауылында дүниеге  келген. Сазгер, домбырашы. Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияда (1958) оқыды. А.Жұбановтың ең талантты шәкірттерінің бірі. 1958-1960 жылдары Қарабұтақ ауданы мәдениет үйінде домбырашы. 1961-1965 жылдары мәдениет үйінің директоры. 1965-1970 жылдары  аудандағы мәдениет бөлімінде әдіскер. 1970-1980 жылдары Т.Бітімбаев атындағы балалар музыка мектебінде дәріс берген. 1980-1985 жылдары А.Жұбанов атындағы ұлт аспаптары оркестрінің жетекшісі. Оркестр облыстық, республикалық  байқауларға қатысып, көбіне бірінші орынға ие болды. 1985-1988 жылдары Тасөткел ауылдық клубтың қызметкері. Ол Қазанғаптың «Көкіл», «Күй басы», «Домалатпай», «Майда қоңыр»,  Құрманғазының  «Қайран шешем», «Аман бол шешем, аман бол», «Кісен ашқан», «Адай», А.Жұбановтың шығармаларын да шебер орындап, шәкірттеріне үйретті. 1988  жылы Әйтеке  би ауданы  Тасөткел  ауылында дүниеден  өтті.