Баяндин Әділғали Сәрсенұлы 1966 жылы 14
желтоқсанда Хромтау ауданында туған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі /1998/,
1989 ж. Ақтөбе мәдени-ағарту уч-щесінің бейнелеу бөлімін, 1994ж. Қазақ мемл-к
көркемсурет Академиясының кескіндіме-сән факультетін бітірген, суретші болып
еңбек етеді. 1987-95 ж. республикалық, облыстық көрмелерге, 1993 жылы Алматы қаласында
өткен халықаралық суретшілер симпозиумына, 1994ж. жас суретшілердің “Жігер”
көрмесіне қатысқан. Суретшінің шығармалары “Райымбек” галереясында, АҚШ,
Германия, Франция, Ресей азаматтарының жеке коллекцияларында сақтаулы.