"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Ізімова Тойған


Ізімова Тойған
           1951жылы 5қыркүйектеАқтөбе облысы, Хромтау(бұрыңғы Новоресей) ауданы, Мамыт ауылында туған. Биші, педагог. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі (1987). Алматы эстрада-цирк өнер студиясын (1971), Қазақ ұлттық өнер академиясын (1991) бітірді. Бишілік өнер жолын Ақтөбе облыстық филармониясында 1968 жылы бастаған ол бұрынғы Торғай облысы «Шертер» фольклорлық ансамблінде (1971-1976), Целиноград (Ақмола) облыстық филармониясында (1976-1982), «Сазген» ансамблінде (1982-1985), «Алтынай» би ансамблінде (1985-1995) жеке биші болып жемісті өнер көрсетті. Ол жеке билеумен қатар алғаш рет жұбайы Ү.Мақанмен жұптасып билеу арқылы да көпшілікке кеңінен танылды. Бірнеше би бағдарламаларын әзірлеп, сахнаға шығарды. 1998 жылы қазіргі Алматы эстрада-цирк өнері колледжінде педагогтік қызметпен айналысады. Мәскеуде өткен Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің XII фестивалінің дипломанты, Бельгияда өткен халықаралық би фестивалі мен Қазақстандағы I республикалық бишілер байқауының (1985) жүлдегері.