"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Исмайылов Есет Ахатұлы


Исмайылов Есет Ахатұлы 1950  жылы 18  қазанда  Мұғалжар  ауданында  Ор  ауылында  дүниеге  келді. Суретші. 1973 жылдары Алматы қаласы Гоголь (қазіргі О.Таңсықбаев) атындағы Көркемсурет училищесін, 1991 жылы Абай атындағы Мемлекетаралық Педагогикалық Университетін бітірген. 1973-1984 жылдары Ембі қаласы, 1984-1991 жылдары Ақтөбе педагогикалық училищесінде, 1991 жылдан Қ.Жұбанов атындағы университетте ұстаздық қызметте. 1975 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласында суретшілік тұсауы кесілген. Ақтөбе Ембі қалаларында 70-80 жылдарда көрмелері өткен. 1996 жылы «Портреттер сыр шертеді» атты көрмесі ұйымдастырылған. 2000 жылы «Ақтөбе азаматтары суретші әлемінде» атты жеке портреттік көрмесі ұйымдастырылған. Жұмыстары Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында, Ресей, Украина, АҚШ мемлекеттеріндегі мұражайлардан орын алған.