"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Бітімбаев Тағыберген


 Бітімбаев Тағыберген 1897 жылы қазіргі  Әйтеке би ауданы  Тасөткел ауылында дүниеге келген. Сазгер, ақын, күйші. Жастық шағы Шығыс Қазақстан облысы Қытай елінде өтеді. Елден халық мұраларын /күй,ән, жыр/ жинауға үлес қосты. 1925 ж. омбыда музыкалық білімін жетілдірді. 1935ж. Алматыға келіп, Каз.ЦИК атындағы оркестрге домбырашы-дирижер болып кіреді. Қазақстанның халық әртісі Манарбек Ержанов, белгілі сазгер Сыдық Мұхамбетжанов одан музыка әліппесін, шеберлікті үйренген. 1940-58 ж. Өскемен, Зайсан, Балқаш мәдениет орындарында, мектептерде қызмет етті. 1951-61ж. Қарабұтақ ауд. мәдениет бөлімінде, 1961-1968 ж. орта мектепте домбыра үйірмелерін ұйымдастырды. 1969 ж. балалар музыка мектебінің ірге тасын қалады. «Теңіз» атты ән шығарды, одан кейін отыздан астам шығармалар туды. 1961 ж. көркемөнерпаздардың облыстық, республикалық байқауында «Көктемгі егіс» монтажы бірінші орынға ие болды. Қарабұтақта Б. атында балалар музыка мектебі бар.