"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Фоменко Владимир Никифорович


Фоменко Владимир Никифорович
(1941-2013)
        1941жылы 14мамырда Ресейдің Новосибирск облысы Веселовский ауданында туған. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері. Еңбек жолын Алматы облысы Қаскелен ауданы Мәдениет үйінің эстрада оркестрі жетекшісі болып бастаған. 1960-1962жылдары Өскемен қаласында музыка училищесінде оқыған. 1962-1964жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқып жүріп, қазақ опера театрында симфония оркестрінде орындаушысы және Орта Азия әскери округі ән-би ансамблдерінің, Абай атындағы опера және балет театрының артисі болды. 1972-1995жылдары Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыкалық училищеде үрлеме, соқпа аспаптар бөлімінің оқытушылығының директорлығына дейін көтерілді. Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің музыкалық эстрада-үрлеме оркестрін құрушы, оның көркемдік жағын басқарушы және дирежері болып жұмыс істеді. «Астана» медалімен , КСРО Мәдениет  министрлігінің «Озық жұмысы үшін» белгісімен марапатталған. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.