"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Шәріпұлы Айса


Шәріпұлы Айса 1929  жылы  Ойыл  ауданында  дүниеге  келген. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі(1984). Шебер домбырашы. Репертуарында Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Қазанғаптың көптеген күйлері бар. 1963-1964 жылдары Құрманғазы атындағы Академиялық ұлт аспаптары оркестрі құрамында көптеген шетелдерде болған.