Әбдісалямов Ғалымжан /Әлім
Алмат/
1920 жылы 7 сәуірде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қарақоға ауылында дүниеге келген. Скрипкашы.
1936 жылы Алматыдағы музыка техникумында оқып жүргенде көзге түсіп, Қазақстан
өнері мен әдебиетінің Мәскеу қаласында өткен онкүндігіне шебер орындаушы
ретінде қатысқан. 1952 жылы Париж консерваториясын бітірді. 1953 жылы Стамбул қаласындағы
симфониялық оркестрге жұмысқа орналасып, бірінші скрипкада ойнайтын шебер
дәрежесіне дейін көтеріледі. Ол Батыс елдеріне классикалық шығармаларды шебер
орындаушы ретінде танылған скрипкашы.