"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

АРЫСТАНОВА ЖАДЫРА


АРЫСТАНОВА ЖАДЫРА
Арыстанова Жадыра 1979 жылы 13 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы Теректі ауылында туған. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясын бітірген. Әр жылдары Ақтөбе облыстық филармониясы жанынан құрылған «Домбыра дастан» фольклорлық ансамблінің әншісі, кейін осы филармониядағы классикалық ансамбльдің музыка артисі болып қызмет атқарды. 1997 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән конкурсының дипломанты болғаннан кейін көптеген жетістіктерге жетті. 2007 жылы «Нұрлы нөсер» ән фестивалінің лауреаты (Алматы), 2008 жылы «Астана жұлдызы» халықаралық ән байқауының дипломанты (Астана), 2008 жылы «Жұлдыз-2008» | республикалық эстрада әншілері конкурсының  II орын иегері (Қарағанды), 2010 жылы «Урал моңо-2010» XV халықаралық түрік жастар шығармашылық-музыкалық конкурс-фестивалінің II дәрежелі лауреаты (Ресей, УФА), 2011 жылы «Восточный базар» VII халықаралық телевизиялық конкурстың лауреаты (Украина, Ялта) болды. Жиырма шақты әні Қазақ радиосының алтын қорынан орын алды.