"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Сарыбаева Балтұрсын


Сарыбаева Балтұрсын 1906  жылы Ырғыз  ауданы  Ақши  ауылында  дүниеге  келді. Күй өнерін шебер орындаушылығымен өңірге мәлім болған адам. Ол Ырғыздағы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, ән-терме айтып, күй тартып көп көзіне түседі. Ырғыз халық театрында, кейін Ақтөбе филармониясында қызмет істеген, ел аралап өнер көрсеткен. Қазанғаптың біраз күйін алғашқы болып халыққа жеткізушілердің бірі. 1967  жылы  Ақтөбе  қаласында  дүниеден  өтті.