1963 жылы 22 сәуірде Қызылорда облысы Жалағаш
ауданында туған. Әнші,педагог. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. К.Байсейітова
атындағы халықаралық конкурстың лауреаты. Ш.Қалдаяқов халықаралық фестивалінің
Гран-при иегері (1998), Ақтөбе облысы әкімі сыйлығынын иегері (2003). «Ерен
еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі. Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.