"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Әкімов Өтеміс



Әкімов Өтеміс
         1938 жылы 20 мамырда Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған. Атырау педагогика институтын, Орынбор ауылшаруашылық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1961-1975 жылдары Ойыл аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Ойыл аудандық партия комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1975-1988 жылдары облыстық мәдениет басқармасының бастығы болды. Осы жылдарда мәдениет және өнер мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, аудандардағы мәдениет желілерінің дамуына үлкен үлес қосты. Аудан орталықтары мен ауылдарда Мәдениет үйлері, кинотеатрлар салынды, он шақты музей ашылды, аудандардағы көркемөнерпаздар театрлары мен оркестірлері халыққа үзіліссіз қызмет көрсетіп тұрды. Ақтөбе қаласында бірнеше ансамбльдер құрылып, «халықтық » атағына ие болды. Ө.Әкімов «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ҚР  Мәдениет саласының үздігі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Өмір өткелдері», «Әкені еске алғанда», «Өмір жалғаса береді», т.б жиырма шақты кітаптары жарық көрген.