"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

ОРАЛҰЛЫ БЕЙБІТ


ОРАЛҰЛЫ БЕЙБІТ
1955 жылы 2 маусымда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында туған. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. Ленинградтағы мәдениет институтын бітірген. Б.Оралұлы шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі. 1997 жылы ҚР Президенті сыйлығына ие болды. 1999 жылы Халықаралық «Азия дауысы» конкурсында «Ең үздік композитор» атағына ие болды. Халықаралық «Азия дауысы» - Қазақстан әндері фестивалінің 7 дүркін жеңімпазы. Халықаралық конкурстардың лауреаты. 200-ден астам ән жазды. «Нұр бейнең», «Ауылға», «Түркістан», «Бозжорға», «Аяулым», «Алғашқы көктем», «Сол бір кездер», «Сүйеді екем», т.б. әндері кеңінен тараған. Әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, М.Мұхамедқызы, Б.Тайлақбаев, Ж.Дұғалова, А.Жорабаева, Г.Қаспақова, М.Арынбаев т.б. әншілер орындайды. 2016 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Сарбаз әндері» I республикалық әскери – патриоттық ән байқауының бас жүлде иегері. «Боз жорға», «Сол бір кездер», «Мен сені баладым», «Жан анашым» жинақтары баспадан шығарылған. «Құрмет» орденімен марапатталған. Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы.