"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Жанаманов Нұрболат


Жанаманов   Нұрболат
        1955 жылы 25 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Күйші. 1980 жылы Алматы қаласында жоғары оқу  орындары студенттері арасында өткен республикалық «Көктем -80» сайысында лауреат атанғаннан бері дәстүрлі күй өнеріне лайықты үлесін қосып жүр. Негізінен Қазанғап күйлерін шебер орындайды, қазанғаптанушы. Қазақ радиосының алтын қорында оның орындауындағы Қазанғаптың 14 күйі сақтаулы  әрі үзбей беріліп келеді. 2005 жылы Қазанғаптың 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық күйшілер байқауында бас жүлдені жеңіп алды. «Қазақстан дәстүрлері 1000 күйі» антологиясына  Қазанғаптың осы уақытқа дейін белгісіз 4 күйін жаздырды. Жалпы Н.Жанамановтың  репертуарында  Қазанғаптың 40-тан астам күйі бар. Ол-күй жанрында өзгеге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы бар дәулескер  күйші Қазанғаптың күйлерін республика көлнмінде  өз табиғатымен  орындайтын бірден-бір  домбырашы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. ҚР Мәдениет саласының  үздігі, Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының лауреаты.