"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Байғанин Момын


Байғанин Момын
       1937 жылы 5 қазанда Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылында туған. Күйші, домбырашы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, еңбек жолын 1958 жылы Ақтөбе облыстық Мәдениет үйінің халық аспаптары оркестрінің жетекшісі болып бастаған. 1960-1975 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің, 1975-1993 жылдары Ақтөбе педагогикалық училищесінің, 1995 жылдан А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы болды. Республикалық музыка сайыстарының бірнеше дүркін лауреаты. Қазақ КСР Білім беру министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.