"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

ӨТЕГЕН-ТАНА ӘНУАР


ӨТЕГЕН-ТАНА ӘНУАР
1942 жылы 20 шілдеде Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған. График. Қазақстан Суретшілер одағының мушесі. Негізінен графика өнерін акварель, линогравюра тәрізді түрлерімен айналысады. Ақтөбе педагогика училищесін 1961, Ресейдегі Нижний Тагиль педагогикалық институтының көркемсурет факультетін 1972 бітірген. 1961-1963 жылдары Ойыл орта мектебінде сурет пәнінің мұғалімі, 1963-1977 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы, 1981-1983 жылдары Ақтөбе қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас суретшісі, 1983-1993 жылдары Республикалық көркемөнер қорында суретші, 1993 жылдан Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның бейнелеу пәнінің мұғалімі болды. 1971жылдан бастап Бүкілодақтық, республикалық көркемсурет көрмелеріне, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Латвия, Литва, Түркіменстан, Қырғызстан, Егепет, Марокко, Италия, Германия, Франция, АҚШ, Чехия, Словакия, Бельгия, Польша, Мексика елдері көрмелеріне қатысты. Суретші еңбектері Италияның, Польшаның Краков, Киевтің Т,Шевченко, Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік көркемсурет, «Мәскеу экслибрисі», Ақтөбе, Орал тарихи-өлкетану мұражайларында сақтаулы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, Облыс әкімі сыйлығының иегері.