Оразымбетұлы Баймағамбет 1900 жылы
Шалқар ауданында Алағозы
ауылында дүниеге келді. Қолөнер шебері.
Жеті атасынан зергерлік өнерін мирас еткен. Бесаспап ұста болған. Кезінде
ұжымшарда ұста, ҰОС тұсында Шалқар вагон депосында жұмысшы. Шебер ер-тұрман,
әшекей бұйымдарын жасаған. Ерді жасағанда күміс пластинкалармен қиюластырып,
сүйек шегелермен бекіткен, неше түрлі өрнектер салған. Б.Оразымбетұлы жасаған
ер-тұрман 1944 жылы Мәскеудің көрмесіне
қойылды. Шебердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары ҚР Мемлекеттік мұражайының,
Ақтөбе облыстық, Шалқар аудандық мұражайларының қорында сақтаулы. 1992
жылы Шалқар ауданында
Сарыбұлақ ауылында дүниеден
өтті.