"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Жаманова Роза Үмбетқызы


Жаманова Роза Үмбетқызы
(1928-2013)
Жаманова Роза Үмбетқызы – 1928 жылы 16 сәуірде  Ақтөбе  қаласында дүниеге келді. Қазақ әншісі сопрано, 1957 жылы Қаз. КСР-інің еңбек  сіңірген  артисі, 1959 жылы КСРО халық  артисі. 1970 жылы Қазақ КСР  Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты. «Тарлан» сыйлығының лауреаты. 1954 жылы  Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын  бітірген. 1953 жылдан бастап Абай  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  опера  және балет  театрының әншісі. Отандық және классикалық операларда Ақжүніс, Жібек, Сара, Ажар, Татьяна, Иоланта, мария Александровна, Мадам Баттерфляй, Қамар, Айсұлу, Валентина Панфилова, Назигум, Амелия, Леонора, Маргарита т.б басты  партияларды  шебер орындады. Репертуарында 45  опералық  ән бар. Ол Қазақ  әдебиеті мен  өнерінің  мәскеуде өткен он күндігінде  әншілік  орындаушылық шеберлігін  айрықша  танытты. Гастрольдік  сапармен Венгрия(1957), Польша(1959), Үндістан(1963), Англия(1971), Сирия(1974), Болгария (1979), Финляндия(1983), Швейцария(1985) және басқа елдерде болып қазақ ән өнерін насихаттады. 17 жыл бойы (1962-1979) Қазақ театр қоғамының төрайымы, 1968 жылдан Халықаралық театрлар институтының  мүшесі, вице президенті болды. Ол  3, 6 сайланған КСРО Жоғары   Кеңесінің  депутаты, Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен  бірнеше  медальдармен, Монғолияның, Эстонияның, Шешен-Ингушетияның Құрмет грамоталарымен  марапатталған.