"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Сейілов Жүсіп


Сейілов Жүсіп
(1901-1971)
        1901 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында туған. Әнші, жоғары лирикалық тенор, термеші. Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген артисі. 1925 жылы Ақтөбе кеңес-партия мектебінде,  1934 жылы Алматыда музыкалық драма техникумында оқыды. «Сегіз бен Мақпал» пьесасының  қойылымында Сегіз рөлін ойнаған. 1942-1949 жылдары облыстық  драма театрының, облыстық  филормониясының артисі. Мәскеуде ән салған. Әнші-композиторлар  Мұхит Мералыұлы, Тәңірберлі Молдабай, Қызыл Тұрдалыұлының шығармаларын орындап, насихаттаған. Жамбыл, Нұрпейіс, т.б. халық ақындарының жырларын орындаған, өзі де жанынан термелер шығарған.