"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Жақсыбаев Аллаберген


Жақсыбаев Аллаберген
 1966 жылы 28 сәуірде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылында туған. 1986 жылы Ақтөбе педагогикалық колледжінің музыка бөлімін, 1994 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтының музыка факультетін бітірген. 1987-1989 жылдары әскери борышын атқарып, Мәскеу әскери округінде Қорғаныс министрлігінің ән-би ансамблінің құрамында болды. Әр жылдары Әйтеке би ауданында музыка мектебінің директоры, «Алақай» театры жанындағы «Наурыз» тобының солисі, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның солисі, ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінің солисі қызметтерін атқарды. 1997 жылы республикалық «Жас қанат» байқауының, 1997 жылы ресейлік «Евразия» байқауының, 2002 жылы халықаралық «Азия дауысы» байқауының, 2003 жылы халықаралық «Diskoberi» байқауының жүлдегері болды. ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері.