"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

КӘДЕНОВА ЛИДИЯ


КӘДЕНОВА ЛИДИЯ
1952 жылы 17 ақпанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. Актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. Ақтөбе мәдени – ағарту училещесін, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының актерлік бөлімін бітірді. 1974 жылдан Ғ.Мүсірепов атындағы республикалық мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп, сан алуан рольдерді сомдады. Ләззат (Т.Ахтанов, «Махаббат мұңы»), Анна Ивановна (Қ.Қайсенов, О.Бөкей, «Жау тылында»), Қамқа (Ғ.Мүсірепов , «Қыз Жібек»), Ғалия (Ш.Айтматов, М.Шаханов, «Миғұла терісі үстіндегі сот»), Ипполина, Офелия (У.Шекспир, «Дуалы түнгі думан», «Гамлет») және басқа көптеген образдарды шеберлікпен сомдап, көрермен ілтипатына бөленді. Кино артисі ретінде «Қазақфильм» қойған «Зять из провинции», «Балкон», «Конфликт», «Қырғызфильм» түсірген «Восхождение на Фудзияму» кинофильмдерінде ойнады. Л.Кәденованың есімі «Тамаша» ойын – сауық бағдарламасы арқылы да кең танымал.