"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Құдайберген Димаш Қанатұлы

ҚҰДАЙБЕРГЕН  ДИМАШ   ҚАНАТҰЛЫ

Құдайберген  Димаш   Қанатұлы  1994  жылы  24  мамырда  Ақтөбе  қаласында  туған. «Славян  базары-2015»  конурсының  Гран- при  иегері,  Ұлттық  «Халықтың  сүйіктісі»  сыйлығының  лауреаты.  Қазақстан Президентінің  Құрмет  грамотасымен  марапатталған. «ABU  TB  song» халықаралық    телефестиваліне  қатысушы.  Алғаш  рет  сахнаға  спектакльдегі  эпизодтық  роль   арқалы шықты. Балалар  музыкалық  студиясының  фортепиано    мен  вокал  класында  оқып   жүрген  кезенде  сахнада  алғаш  рет  ән  шырқады. 6  жасында  «Фортепиано»  номинациясы  бойынша  республикалық  «Айналайын» конкурсының  лауреаты  болды.  2010  жылы «Байқоңырдың  күміс  дауыстары»  атты  халықаралық   фестивальдің  лауреаты (1 орын ),  2012  жылы  жас орындаушылардың республикалық  «Жас  қанат» конкурсының  Гран-при  иегері,  эстрадалық ән  орындаушылардың  «шығыс  базары» халықаралық  телеконкурсының  лауреаты,  бір  жылдан  соң  жас   орындаушылардың «Мейкин  Азия» бірінші  халықаралық  фестивальінің  жеңімпазы  атанды.  2014  жылы А.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  музыкалық  колледжін  бітіріп,  Қазақ  Ұлттық  университетіне  түсті.  Витебскіде  өткен  эстрадалық  әндерді   орындаушылардың  XXIV  «Славян  базары-2015» конкурсында  Гран-при  алуы  Димаштың  даңқын  кеңінен  танытты.  Сол жылы Стамбул  қаласында  әлемдік    таңдаулармен  бірге   халықаралық   Азия – Тынық  мұхиты  «ABU   Song  Festivals»  телефестиваліне  қатысты. 2016  жылы   жас  әншіге  Қазақстан Президентінің  мәдениет  саласындағы  мемлекеттік  степендиясы берілді. 2017  жылғы  Қытайдағы  үш  айға  созылған  «I  Am a Singer»(«Мен әншімін»)  конкурсында  ресми түрде  екінші  орын  алғанымен   жалпы  көрермен  оны  жеңімпаз  деп  таныды.  Сондай-ақ  ол  « Азияның  ең  танымал  әншісі »  номинатциясында «Top  Chinese  Music  Award»сыйлығын  жеңіп  алды.   Димаштың 5  октаваны  игерген  даусы  диапазоны  жалпы  көрерменді  былай  қойғанда  тәжрибиелі  музыка  сыншыларының  өзін  таңқалдырды.  Димаш өз  әндерін  бірнеше  тілде (қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай  т.б.) орындайды.  Мәдени- көпшілік  шараларға  белсене  қатысатын  ол Алматыдағы Қысқы  универсиаданың ашылуына  ән  шырқады, «Астана Арена»  стадионында  алғашқы  жеке  концертін  ұсынды.  Бұл  концертке   әлемнің  әр  түкпірінен  танымал  әншілер  қатысты. Димаштың ата-анасы – белгілі  әншілер  Қанат Айтбаев  және  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  қайраткері  Светлана  Айтбаева.