Әліпбаев Тұрар
1961 жылы
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылында туған. Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген артисі. Профессор. 1982жылы Ақтөбе музыка
училещесін, 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік концерваториясын,
1992 жылы аспирантурасын бітірген. 1987-1997 жылдары Арқалық қаласындағы Торғай
облыстық музыка колледжінде, 1997-1998жылдары Целиноград музыка колледжінде
оқытушы, 1997-2010 жылдары Астана мемлекеттік филорманиясын жанынан құрылған
ұлт аспаптар оркестрінің бас консертместері болды. 1998 жылдан Қазақ ұлттық
музыка академиясында еңбек етеді. Республикалық «Жігер » фестивалінің лауреаты,
Құрманғазыға арналған республикалық конкурсының лауреаты, Ташкентте өткен Бүкілодақтық
фестивальдің бірінші орын иегері. Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан күйтабағы
шықты. АҚШ , Ұлыбритания, Қытай, Албания, Жапония, Түркия, Франция, Белгия, Ресей,
Балтық жағалауы елдері, Молдовия мемлекеттерінде өнер көрсетті. «Күйдің ішкі
сыры» зерттеу кітабы жарық көрген. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20
жыл» медалімен марапатталған.