Жұбанова Ғазиза Ахметқызы
Жұбанова Ғазиза
Ахметқызы 1927 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жаңа тұрмыс ауылында туған.Қазақтың
көрнекті
композиторы, педагог. Қазақ КСР және КСРО халық әртісі .Қазақстанның еңбек сіңірген
өнер қайраткері. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты .
Мәскеудің Гнисендер атындағы
мемлекеттік музыкалық училещесінің композиторы бөлімін (1949),
П.Чайковский атындағы Мәскеу Консерваториясын үздік бітірген(1954).Консерватория бітірердегі дипломдық жұмысы
етіп М . Әуезовтың
«Түнгі сарын» пьесасын бір актілі опера қойған. Басты партияны
болашақ әлем жұлдыздарының
бірі Н. Гяуров орындаған ,
Евений Светланов дирижерлік етті. Мәскеу
аспирантурасында оқып жүріп(1956-1957) скрипкаға арнап концерт
және «Огненные ночи на
Урале» ораториясының бірінші түрін
жазған. 1958-1993 жылдары Алматыда
еңбек етіп , өзінің ұлттық
музыкамызды биікке көтерген
тамаша шығармаларын жазды. 1968
жылы « Аққанат» және « Хиросима» балеттерін
біріктірген « Аққұс туралы
аңыз» атты балеттерін тұсауы кесілді. Бұл
шығарма музыка әлеміндегі
ерекше құбылыс болды .
Кейінгі жылдарда композитор үшінші
симфониясын , «Адам, адамды
сүй» ораториясын , «Қаракөз» балетін, «Ғасырдан да ұзақ
түн» операсын, фортопианоға
арналған соната- фантазиясын, оркестрде
(виоленчель) орындайтын концертін,
екінші квартетін, «Мадам
Баттерфляй» балетін, басқа да
көптеген шығармаларды жазды.
Әкесі атақты композитор Ахмет Қуанұлы
Жұбанов аяқтап үлгермеген «Құрманғазы» операсын
жалғастырып , соңғы нүктесін қойды.
Жалпы 4 опера, 4 балет, 3 симфония, 3 концерт, 6 оратория, 5
кантата, 30- дан астам түрлі
камералық музыка туындыларын,
әндер , хорға арналған шығармалар, спектальдер
мен кинофильмдерге арналған
әуендер қалдырды. Композитор Ғ.
Жұбанова есімі, оның мәңгі жасайтын
шығармалары, концерттері мен балеттері көптеген шетелдерде, Болгария мен Чехияда,
Словакия мен Германияда, АҚШ пен
Италияда, Франция мен
Жапонияда, Финляндия мен Испанияда,
әлемнің басқа да мемлекеттерінде жиі
орындалады. Ғ. Жұбанова
Қазақ тает- өнер институтында, консерваторияда ұстаздық
етті. 1962-1968 жылдары
Қазақстан композиторлар одағын
басқарды, 1975-1987 жылдары Құрманғазы
атындағы Алматы мемлекеттік
консерваториясының ректоры болды.
Қазақ музыкасы жайлы
көптеген ғылыми –зерттеу еңбектерін
жазды. Республиканың қоғамдық
өміріне белсене қатысты. Шығармашылық сапармен
дүниежүзінің көптеген елдерінде
болып, ұлттық музыкамыз
жайлы әсерлі баяндамалар жасады. Еңбек
Қызыл Ту, «Халықтар достығы»
ордендерімен , медальдарымен марапатталған. Ақтөбе қаласы
көшелерінің бірі, облыстық
филормония, Астанадағы мемлекеттік
камералық музыка ансамблі
Ғ. Жұбанова есімімен аталды. Алматыда
өзі ұзақ жыл тұрған
үй қабырғасында граниттен
ескеткіш тақта орнатылған.