"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Баяндин Әділғали Сәрсенұлы


Баяндин Әділғали Сәрсенұлы  1966 жылы 14 желтоқсанда Хромтау ауданында туған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі /1998/, 1989 ж. Ақтөбе мәдени-ағарту уч-щесінің бейнелеу бөлімін, 1994ж. Қазақ мемл-к көркемсурет Академиясының кескіндіме-сән факультетін бітірген, суретші болып еңбек етеді. 1987-95 ж. республикалық, облыстық көрмелерге, 1993 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық суретшілер симпозиумына, 1994ж. жас суретшілердің “Жігер” көрмесіне қатысқан. Суретшінің шығармалары “Райымбек” галереясында, АҚШ, Германия, Франция, Ресей азаматтарының жеке коллекцияларында сақтаулы.