Шанов
Өмірзақ
1950 жылы
30 мамырда Ақтөбе қаласында туған. Суретші, мүсінші.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері. 1972 жылы Алматыдағы Гоголь атындағы сурет училищесін, 1986 жылы
Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірді. Жұмыстары:
«Әйел мүсіні» (1986), «Капитель» (1984), «Айым» (1985), «Портрет» (1992),
«Лиликар» (1992), «Автопортрет» (1988). Көптеген халықаралық және республикалық
көрмелерге қатысты. Суретші туындыларының шығармашылық ауқымы кең әрі алуан
түрлі. Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының бірінен алған кәсіби білімі,
тума таланты және ішкі мәдениеті шебердің өнерін әрдайым көркемдік пен
руханилықтың биігіне шығарды. Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсында
«Астана-бейбітшілік пен келісім қаласы» тақырыбына арналған «Ең үздік мүсін
және монументальды өнер туындысы» номинациясы бойынша бірнеше орын алды,
сондай-ақ әйгілі қылқалам шебері Ә.Қастеевтің 110 жылдық меретойына арналған
конкурста да қоладан жасалған «Садақшылар»
және «Бала» мүсіндері бірнеше орынға лайық деп табылды.