"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Әйтімов Марат


Әйтімов Марат
         1963 жылы 22 сәуірде Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Әнші,педагог. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. К.Байсейітова атындағы халықаралық конкурстың лауреаты. Ш.Қалдаяқов халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (1998), Ақтөбе облысы әкімі сыйлығынын иегері (2003). «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.