"Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға адалмен табандылық қажет."

Әл-Фараби.


Адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда халқына қадірлі, еңбекқор, елінің өнері мен мәдениетін көркейтуде еңбек сіңірген, ұлтжанды азаматтар ойға түседі. Олар қай жағынан да, алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз секілді. Елге жасаған еңбегімен, ізгілікті ісімен халық жадында мәңгілікке сақталған танымал, мәдениет,өнер қайраткерлері облысымызда мақтанышпен айтарлықтай деуге болады. "Өнер әлемі-асыл қазына" атты блогта Ақтөбе облысының мәдениетінің көркеюіне өз үлесін қосқан, туған еліміздің тарихына, тылсым құпия сырларына күш-жігерін, білім-тәлімін, өмірін, бойындағы бар өнерін арнаған биік тұлғалар.

Нұғманов Манас


Нұғманов Манас  1947 жылы Ақтөбе  облысы  Ойыл  ауданында  дүниеге  келді.  Мүсінші, суретші және зергер. Ою-өрнек салу шебері, ағаш, металл, әйнек материалдарынан бұйымдар істейді. Ойыл мешітін қалпына келтіруге өнерімен елеулі үлес қосты. 1997 жылы  Ойыл  ауданында  дүниеден  өтті.