Жәмеков Жетес – 1959 жылы 12 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қарашоқат ауылында
дүнеге келді. Әнші-термеші, қолөнер шебері, әнші-термешілер конкурсының
лауреаты. Қазақтың ауыл шаруашылық институтын бітірген.(1989). Кейінгі жылдарда
Ақтөбе, Қандыағаш қалаларының мектептерінде халық өнерінен, ән-күйден сабақ
берді. Наурызбек жыраудың «Ал, жігіттер, сал құлақ!», Кердері Әбубәкірдің «Насихат»»,
Базар жыраудың «Сөйледесең-сөйлейін», Кердері Құдайбергеннің «Толғау да толғау
сөздер бар» термелерін «Аққұм», «Балқадиша», «Теміртас», басқа да 30-ға тарта
әндерді шебер орындайды. Халық арасына кеңінен тараған «Шалқардан ұшқан
аққулар» әнінің авторы.